Меню KDT

Оқығанның  бәрі   жарық, Оқымағанның  беті   шарық. 

"Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда инновациялық технологияларды қолданудың тиімділігі" тақырыбында өткен сабақтар.                                  

скачать Ғ.Мұстафиннің өмірі мен жазушылық қызметі

                                                          

скачать   І.Жансүгіров «Анам тілі», «Домбыра»


                                                      


скачать  А.Байтұрсынов «Егіннің бастары»

       
                                                            

скачать Біздің отбасымыз



                                                         

скачать  Ақтамберді жырау «Күлдір де күлдір кісінетіп»

                 

                                                            
    Бүгінгі біздің алдымызда тұрған келелі міндет-оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, рухани бай,саналы,салауатты,жан-жақты дамыған, бүгінгі қарыштап дамып келе жатқан ғылыми-техникалық прогресте көштен қалмайтын,заман талабын орындай білетін тұлғаны тәрбиелеп дамыту. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Білім саласында қызмет еткеннің бәрі-Қазақстанның болашағына қызмет етеді»-деп атап көрсеткен сөзіне лайық болу мақсатында өзімнің кәсіби шеберлігімді шыңдап дамыту мақсатында баспасөз беттеріне жарияланған оқытудың жаңа технологияларын,озық тәжірибелі ұстаздар жариялаған сабақ үлгілерін тағы да сол сияқты интернет желісі арқылы тың ізденістер мен идеяларды қарап өз іс-тәжірибемде қолданып жүретінмін.Өзімді жаңашыл,үнемі ізденіс үстінде жүретін ұстаздар қатарына қоятынмын.Өзімді басты тұлға,білім беруші деп танып оқушылардың түсінбеген,білмегендерін егжей-тегжейлі қайта-қайта түсіндіретінмін. Сыныптағы үлгерімі орта деңгейлі оқушылармен үнемі сабақтан тыс қосымша сағаттар өткізіп,тақырыпты қайта түсіндіре отырып сыныпта шығарып кеткен есептерді қайтадан шығаратынбыз.Бірақ, менің ол жұмысым көп нәтиже бере қоймайтын.Сабаққа келгенде үлгерімі орташа деңгейлі оқушыларым өздіктерінен есептерді шығармай,жалтақтап маған қарап отыратын.Өздеріне сенімсіз,менің түсіндіп бергенімді ұғып отырғандай болғанымен ары қарай іс-әрекет жасай алмайтын. Әбу Насыр Әл-Фараби:«Сен маған жастарыңды көрсет,мен еліңнің болашағы   қандай болатынын айтып берейін»-деген болатын.Сондықтан да, Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде елімізде білімнің жаңа жүйелері құрылуда.Бұл үрдіс педагогика теориясымен оқу-тәрбие жұмысында нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды саралауды, шәкірттердің шығармашылық әлеуметін дамытудағы іс-әрекеттерді тиімді ұйымдастыра білуді талап етеді. Мен өзімді-өзім танып, кәсіби білімімді жетілдіру мақсатында бүгінде әлемде үздік болып таныған Кембридждік жоба үлгісіндегі ұстаздар біліктілігін арттыру курсының үшінші деңгейінде білімімді жетілдірдім.Алғашқы күнде бәрімізге беймәлім сияқты көрінген жоба күн өткен сайын ұстаздарды бір-біріне жақын таныстырып,әр ұстаздың өзіндік бейімділіктерін танытып, ұстаздар арасында қолдау тауып кетті.Алғашқы кездері топтық жұмыстар арқылы жасап отырған іс-әрекеттерімізге қарап,біздің пәнімізге не қатысы бар? деген күмәнді ой да туындады.Бірақ, біз осы іс-әрекеттеріміз арқылы «Оқу мен оқытудың,қалай оқу керектігін үйретудің» ара-жігін ажыратып,мағынасын түсіне білдік. Осы «Бірінші бетпе-бет» кезеңінде мен өзімнің өнімсіз еңбек етіп жүргенімді, яғни оқушыға қайта-қайта түсіндіре берудің нәтижесіз екендігін мойындадым.Көкейімде:«Оқушыны білім алуға қызықтыра отырып.тиімді ұйымдастырылған сұхбат пен бірлскен әрекет арқылы берілген білім нәтижелі болады екен»-деген ой туды. Тізбектелген сабақтар топтамасын яғни,орта мерзімді жоспар жасауда мен алдыма мынадай мақсаттар қойдым:
Осы мақсаттарымды жүзеге асыру үшін мынадай өз қадамдарымды жасадым. Оқушы өзін оқушы ретінде танып білуі үшін оқыту мен оқып үйрендің мақсаттарын анықтап,оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану. Оқушы білім алудағы мақсатын біліп,оған жетудегі іс-әрекетін түсіне білу үшін бағалау-кері байланыс орнатуым керек.Сонда ғана мен оқып-үйренудің нәтижелерін көре аламын. Нәтижеге жету-ол, пәнді оқытудағы тосқауылды жеңе білу.Демек, менің сыныбымда пәнге қызығушылығы төмен,енжар,білім алуда қалыс қалып отыратын оқушы болмайды. 1992 жылы Пажарестің «Мұғалімнің оқыту стилін таңдауы оның білімділігіне емес ұстанымына негізделген»-деген ой-тоқтамы осы Бағдарлама аясында кәсіби білімін жетілдіру курсынан өткен әр ұстаздың ұстанымын өзгертті деп ойлаймын.Менің ұстанымым: «Қарыштап дамыған ғылыми-техникалық прогрестің көшінен қалмайтын тұлға тәрбиелеу».Осы ұстаным негізіндегі туындаған көзқарасым: «Оқушылардың білімде,әлеуметте табысты болуы үшін өз қабілеттеріне сенімділігін арттыруға көмектесу, сыни ойлай білуге үйрету,талантты және дарынды балалардың қабілеттерін шыңдауға бағыт-бағдар беру».Ары қарайғы менің шешімім өзім оқып-үйреніп келген оқыту үдерісін жақсартудағы жеті модульді сабақтарымда ықпалдастыра қолданып, жақсы қалыптасқан білім ортасын құру. Барлық ұстаз білім беруде балалармен барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу мақсатында жұмыс жасайды. Математика пәні мектептегі ең қажетті де,қиын меңгерілетін пәндердің бірі десек, оны түсіну,игеруде барлық оқушылардың деңгейлері бірдей болуы мүмкін емес.
Ұлыларымыздың бірі Ж.Аймауытов «Сабақ беру –үйреншікті жай шеберлік емес,ол-үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер»-деп атап көрсеткендей, үйренген жаңалықтарымызды қолдана білу әр ұстаздың өз еншісінде.Мен өзімнің оқып-үйреніп келген әдіс-тәсілдерімді сабақ барысында   қолданып жүрмін.Мұғалімнің түсіндіріп бергенінен гөрі, оқушылардың шағын топтарда талқылай отырып,өздерінің шығарған тұжырымдамалары оқушының жадысында ұзақ мерзімді сақталатынын,қажетіне қарай жасалған постерлардың оқушы білімін бекітуде тиімді және сыни ойлауларын дамытуға жол ашады деп ойлаймын.8-сыныпта алгебра пәнінен өтілген «Квадрат теңдеулер» тарауынан қорытындылауда жасаған шағын топтардың постерлары өте жақсы, тарауды толық қорытындылап бергені көрініп отырды.Бір топ Квадрат теңдеулерді алып бәйтерекке теңесе,екінші топ үлкен сарайға теңеген екен.Үшінші шағын топ   квадрат теңдеуді кәдімгі күнделікті өзіміз қолданып жүрген көмірге теңепі. Осы топтың жұмысын сіздерге ұсынуды жөн көрдім.
Квадрат теңдеуді тас көмірге теңеген себебіміз,біз квадрат теңдеуді біз шешіп,түбірлерін табамыз.Сол сияқты көмір де жанып кетеді,күлін аламыз.Тас көмірді куболды және қол балғаны қолданып шағамыз,балғаны-дискриминант деп алып отырғанымыз балғамен көмірді көп күш жұмсап шағамыз,сол сияқты квадрат теңдеудің түбірлерін дискриминант арқылы тапсақ, көп есептеулер жасаймыз,әрі уақытымызды жоғалтамыз. Келтірілген квадрат теңдеудің түбірлерін Виет теоремасы арқылы анықтағанға көп уақыт жібермейміз,ал куболмен көмірді шағу да солай.Ал,b<0;p<0 жағдайларында ұсақ көмір болады.Ұсақ көмірдің күлі жақсы түседі,ал квадрат теңдеудің түбірлерінде екі оң сан шешімдері болады.Ал,b>0; p>0 жағдайында кесек көмірді алдық.Себебі,кесек көмірдің күлін шығару қиынырақ,сол сияқты түбірлерден теріс сан шешімдер шығады. Осылай коэффиценттері мен түбірлерінің арасындағы байланысты ұсақ және кесек көмірлерге теңей отырып,квадрат теңдеудің түбірлерін зерттеуді өте жақсы меңгергендіктерін өмірмен байланыстыра отырып,жақсы көрсете білді.

                                                       
вв

 "№ 55  орта  мектебі"

Прием сообщений о коррупционных нарушениях

Іздеу

БЖЗҚ АҚ
  

Сайттың статистикасы

  • Осы айда131
  • Осы аптада20
  • Кеше2
  • Бүгін0
  • Желіде:0

Сауалнама

Біздің сайтқа баға беріңіз

Дауыс беру